Экобекетте камаз қағып, қайтыс болған арнайы жасақ қызметкерінің әйелі видеоүндеу жариялады

Экобекетте камаз қағып, қайтыс болған арнайы жасақ қызметкерінің әйелі видеоүндеу жариялады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экобекетте камаз қағып, қайтыс болған арнайы жасақ қызметкері Жандос Нұрғазиевтің әйелі видеоүндеу жолдады. 3 баламен жесір қалған жас ананың айтуынша, тергеуге төрт ай өтседе бітер емес. Бейне үндеуінде Мадина Нұрғазиеваның айтуынша, адамды таптап өткен жүргізушінің кім екені сол сәтте анықталса да құқық қорғау саласының мамандары әлі күнге толыққанды сараптама шығармаған. Кәмелеттік жасқа толмаған үш бүлдіршінмен жесір қалған әйел істің созбалаңға салынып кетуіне наразылық білдірді. 

31 жастағы полиция капитаны Жандос Нұрғазиевті 26-маусым күні Алматы - Қапшағай тас жолында құм тиеп келе жатқан камаз таптап кеткен болатын. Бірақ, тергеушілер күдікті Бедусенконы босатып, апаттық жағдай тудырды деген айыппен 57 жастағы Рахымжан Есенбаевты екі айға қамап тастаған еді. Кейін істі шала тергеген жауаптылар жұмыстан босатылып, Есенбаев қол хатпен бостандыққа  шықты. Ал Ішкі істер министрлігінің өкілдері болса әртүрлі сараптамалардың дайын болмауына байланысты сот алды тергеу жалғасып жатқандығын мәлімдеді. "Нұра"бақылау бекетіндегі қайғылы оқиғадан соң ғана қала маңындағы барлық экологиялық бекеттерге арнайы жолақ пен белгілер қойылды. 


Новости партнеров