Алматыда жыл басынан бері тұрғын үй бағасы бестен сегіз пайызға арзандаған. Керісінше Астанада баспана құны өзгермеген. Жылжымайтын мүлік сарапшылары соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламалар тұрғын үй құрылыс саласына әсер ете бастады деген пікірде. 7-20-25 ипотекалық бағдарламасы іске қосылса баспана бағасы түсуі мүмкін бе? Бізбен тікелей байланысқа экономист Нұрлан Жазылбеков мырза шығуға дайын тұр. Нұрлан Әбдіжаппарұлы қайырлы кеш? Ипотекалық бағдарлама толықтай өз жұмысын бастағанда пәтер бағасына қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз? Арзандайтын шығар бәлкім?
«Қайырлы кеш! Сұрағыңызға рақмет. Бұл қазір біздің қоғамды өте бір күрделі сұрақтың бірі. Тұрғын үй мәселесінің проблемасын бәріміз білеміз. 7-20-25 қайда барсақ та, талқыланып жатқан бағдарлама. Жаңа үйлердің бағасына әсері тие ме? Тимей ме?- деген сұрағыңызға біз ойлаймыз, қазіргі кезде сұраныс көп болғандықтан 2-3 жылдың арасында жаңа тұрғын үйлер бағасына әсер етпейді деп ойлаймыз. Сұраныс көп жаңа үйлерге, сондықтан бағасы өзгереді деп ойламаймыз»,-деді экономист, заңгер Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.
Ал жаңа үйлерге сұраныс артса, демек ескі үйлердің бағасы арзандауы мүмкін ғой?
«Енді қазіргі жаңа үйлерге жаңадан отбасы құрғандар болсын, басқалар болсын өз тұрмыстарын жақсартуға байланысты көбі бағдарламамен жақсы үй алуға тырысады. Сондықтан нарықтағы ескі үйлердің саны көбеюі мүмкін сатылуға. Сондықтан ескі үйлердің бағалары арзандауы мүмкін деп ойлаймыз. Себебі бүгінде бәрі ескі үйлерін жаңартып жатыр. Сол себепті ескі үйлердің бағасы арзандауы мүмкін»,-деді экономист, заңгер Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.
Түсінікті. Жалпы, алдағы 2-3 жылда Алматыда жылжымайтын мүлік бағасына қандай болжамыңыз бар?
«Бұл сұрағыңызға байланысты былай айтуға болады. Баспана алам деген азаматтардың сұранысы қалай орындалады? Ертең баспананың сұранысы азайса әрине, 2-3 жылдан кейін жаңадан салынған үйлердің де бағасы арзандауы мүмкін. Қазіргі кезде құрылыс материалдардың бағасы қымбаттап жатыр. Сондықтан баспана бағасы қазір өзгермесе де, бірнеше жылдан кейін сұраныс азаяды деп есептейміз. Тек қана бір себептен емес, себеп көп бұған. Басқа өңірлерде жастарға қандай қолжетімді жұмыс, кәсіпкерлікпен айналысуға, фермерлікпен айналысуға деген бағдарламалар көбейсе, Алматыдағы пәтерлерге ұсыныс азаяды деп есептеймін»,-деді экономист, заңгер Нұрлан ЖАЗЫЛБЕКОВ.
Нұрлан Әбдіжаппарұлы жауабыңызға рақмет!
Тоғжан Аман, Алматы телеарнасы.