Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров теңгенің құнсыздануына байланысты зейнетақы қорындағы қаржыға қауіп төніп тұрғанын айтып, шенеуніктерден шұғыл индексация жасауды талап еткен болатын. Ал экономист Сергей Домнин адамдардың жинаған ақшасын емес, табысын қорғау керек деп есептейді. Оның пікірінше, алдымен халықтың айлық жалақысын көтеру керек, деп хабарлайды Sputnik.
Депутат Айқын Қоңыров ай сайынғы табысының он пайызын мемлекетке аударатын жұмысшылардың жеке шотындағы қаржы девальвация мен инфляция кесірінен күн санап құнсызданып бара жатыр деп мәлімдеді. Ол жұрттың қартайғанда қажет болады деп, жинап жүрген ақшасына қауіп төніп тұрғанын айтып, тұрғындарды үрейлендіріп қойды.
«Қазір Ұлттық банк пен Үкімет қол қусырып қарап отыр. Халықтың басындағы мәселеге ешкім бас қатырмайды. Ал доллар қымбаттаған сайын зейнетақы қорындағы қаржы қатар құнсыздануда. Салымшылар зейнетақы қорындағы ақшаға өзі иелік етіп, оны жеке басқаратын депозит те емес, теңгемен ғана жинау міндет», — дейді Қоңыров.