ЭКСПО көрмесін қараша айына дейін ұзарту туралы өтініш түсті

16.08.2017 17:09

Осы тұста, еліміздің туроператорлары ЭКСПО көрмесін қараша айына дейін ұзартуды сұрап отыр. Олар көрме төрағасы Ахметжан Есімовке хат жазып, осындай өтініш білдірген. Айтуларынша, халықаралық шара өткізілгелі бері - олардың табысы молайып, шетелдік туристерден түскен пайда еселеп артқан. Тіпті, келушілерге  қызмет көрсететіндердің санын көбейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашыпты. Ал көрме тарапы халықаралық шараны ұйымдастыру мерзімін созу - оңай шаруа емес дейді. Өйткені іс-шара бюро регламентіне сай өтіп жатыр. Әрі көрме бюджеттің қаржысына есептелген.