ЭКСПО көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі біздің арнада көрсетіледі

09.06.2017 15:59

Көптен күткен ЭКСПО көрмесінің салтанатты ашылу рәсімін біздің арнада көрсетеді. Көрсетілім кешкі сағат 20:15-те басталады. Іс-шара ең алдымен мемлекет басшыларының көрменің басты нысаны Нұр Әлемдегі Қазақстан павильонына келуінен басталады. Кейіннен көрмені аралап, еліміздің экспозицияларымен танысады. Әрі қарай мемлекет басшылары көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. Шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.