Ел тұрғындары электрқуатынан тарықпайтын болады

Ел тұрғындары электрқуатынан тарықпайтын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел тұрғындары алдағы күз бен қыс айларында электрқуатынан тарықпайтын болады. Бұл туралы «Kegoc» компаниясының басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлімдеді. Компания барлық жөндеу жұмыстарын толығымен аяқтаған. Тек «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге орай, «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті бойынша жұмыстар кейінге қалдырылған екен. Қазір бұл жүйе бойынша жұмыстар белсенді түрде қолға алыныпты. 


«Kegoc» компаниясы бірыңғай электр желісі жүйесін басқаруды автоматтандыру»  жобасын іске асыруға кірісті. Ол үшін сандық технологияларды кеңінен қолдау қажет. Жоба іске асса, электр желілерін 10 пайызға жүктеуге, энергия жүйесіндегі қуат теңгерімсіздіктерін екі есе төмендетуге, технологиялық бұзылыстар кезінде тұтынушылардың ажыратылуын 20 пайызға азайтуға мүмкіндік береді», - деді «Kegok» АҚ басқарма төрағасы Бақытжан ҚАЖИЕВ.

 

¤Сондай-ақ Бақытжан Қажиев электрмен жабдықтау тарифтерінің қымбаттауы мүмкін екенін айтты. Алайда бұл табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің құзырында. Айта кетейік, бұған дейін ол Өзбекстанның энергия жүйесі «Kegoc-тың» алдында қарыз екенін айтқан болатын, қазір ол толықтай өтелуде.


Новости партнеров