Елбасы: Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді

20.04.2017 14:10

«Қазақ қара киімді кісі өлгенде ғана киген». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде қаба сақал өсіріп, балақтарын шорт кескен жастардың көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді. Президент қара киіммен түгел тұмшаланып жүру - жаттан жұққан әдет деді. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшыларына көбірек уағыз айтып, жамағатты ата-салтқа үндеуге шақырды.