Елбасы Қорғаныс министрлігінің жетекші құрамымен кездесті

29.12.2017 22:41

Мемлекет басшысы Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жетекші құрамымен кездесті. Жиында Президентке елдің қорғаныс қабілетін күшейту және әскердің кәсіби дайындығын көтеру бойынша биыл атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясы 25 жыл бұрын құрылғанын, содан бері ол - елдің территориялық тұтастығы, экономикалық дамуы және мемлекет беделінің артуының кепілі болғанын айтты. Сонымен қатар, Елбасы  Қарулы күштердің киберәскер командалық пунктіне барды. Онда ақпараттық жүйені кибер қорғаудың заманауи мүмкіндіктерімен танысты.