Елбасы Католиктік Изабелла орденімен марапатталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Католиктік Изабелла орденімен марапатталды. Жоғарғы марапатты Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті. Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге және Ана Пасторға жоғары марапаты үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Испания арасында сенімді әрі достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның саясатта және экономиканың түрлі секторларында Испаниямен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.  

«Біз тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Испания Корольдігімен байланыс орнатып, өзара сенімді екі жақты қарым-қатынастарға қол жеткіздік. Осы жылдар ішінде Испания Қазақстанға өз қолдауын көрсетіп келеді. Испания Королі VI Фелипе Қазақстанға ресми сапармен келіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысты. Біз үшін бұл зор мәртебе»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.


Новости партнеров