Елбасы ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады

Елбасы ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Кездесу барысында Қайрат Мәми, мемлекет басшысына конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ Конституциялық Кеңес қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады. Сонымен қатар Конституция күнін мерекелеуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл заңның конституция нормаларына сәйкес келу керектігін айтып,ата заңның үстемдігін одан әрі арттыра түсіру керектігін жеткізді.

«Үлкен өзгерістер енгізілді. Ол тек конституциялық өзгерістермен шектелген жоө Нұрсұлтан Әбішұлы. Соған байланысты өзіңіз көптеген жарлықтардың күшін жойдыңыз немесе өзгерттіңіз. Және парламен көптеген заңдарды қайта қабылдады. Конституциялық кеңес те өзінің нормативтік қаулыларын қайта қарады»,-деді ҚР конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат МӘМИ.


Новости партнеров