Елбасы «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарын тапсырды

07.12.2016 16:48

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Парыз» және «Алтын сапа» сыйлықтарын салтанатты түрде тапсырды. Биыл «Алтын сапа» Президент сыйлығына 100-ден астам кәсіпорын үміткер болды. Бұл сыйлық дәстүрлі түрде үш аталым бойынша берілді. «Парыз» байқауының бас жүлдесіне «Ақсайгазсервис» компаниясы ие болды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев үздік кәсіпорындарды сапа саласындағы жетістіктері үшін «Алтын сапа» сыйлығын «Қазақстан электролиз зауыты», «АтырауМұнайМаш»,«Химфарм» компаниясының басшыларына  табыстады.  Ал биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Парыз» байқауына қатысуға еліміздегі 501 кәсіпорын өтінім берген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде «Парыз» байқауы Мемлекет басшысының жарлығымен 2008 жылы тағайындалған. 8 жыл ішінде оған шағын, орта және ірі бизнестегі 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысқан.