Елбасы ресми сапарымен Вашингтонға барды. Әуежайда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі және құрама штаттардың біздің еліміздегі елшісі күтіп алды. Ақорданың мәліметі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті уақыт бойынша – бүгін Құрама штаттар президенті Дональд Трамппен кездеседі. Келіссөз кезінде екі ел басшылары аймақтық қауіпсіздік, экономикалық ынтымақтастық және екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Одан бөлек, Сириядағы соғыс және сауда мәселелері де сөз етілмек. Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары 3 күнге жоспарланған. Президент Американың ресми және іскер топ өкілдерімен де жолығуды жоспарлап отыр. Ал, 18-ші қаңтар күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің жиынында мінберде сөз сөйлейді.