Елбасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

02.12.2016 14:41

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасын қабылдады. Сауат Мыңбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның осы жылдың 9 айдағы жұмысының қорытындылары мен болашақтағы атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстырды. Кездесуде Мыңбаев компанияның жаңа жобаларды іске асыруына қатысты мәселелер қарастырылды. Мемлекет басшысына Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар жөнінде айтты. «ҚазМұнайГаз»  басшысы мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өңдеген мұнай көлемінің арта түскенін мәлімдеді.

 «ҚазМұнайГаздың жалпы қаржы-өндірістік әлеуметтік жағдайы жөнінде баяндама жасадым. Елбасының тапсырмалары бар бұл жөнінде. Тағы басқа ерекше ірі жобалар жөнінде біраз әңгіме болды. Оның ең бірінішісі - Қашаған жобасы. 1-інші ноябрьде коммерческий добычаға жеткен болатын. Содан бері мөлшері 600 мың тоннадай мұнай өндірілді, экспортқа шықты»,- деді «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы, Сауат МЫҢБАЕВ.