Туған жердің таусылмас тылсым дүниесі мен отанға қызмет еткен еңбек адамдарын көркем шығармамен көтеру - жазушылардың басты мақсаты. Ал Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы көтерілген мәселелердің басым бөлігі - қолына қалам ұстаған қаламгерлер қауымына тікелей қатысты. Президенттің мақаласын талқылаған жазушылар өздеріне жүктелген жұмысты жас ұрпаққа әдебиет арқылы насихаттаудың жолдарын жіктеді.
Қауымның рухани өсіп, жұрт санасының сергек болуы бағзы заманнан әдебиет әлеміндегі зиялы қауымға жүктелген. Ал қаламгерлер қоғамға қозғау, бірлікке бекем болуды білдіретін тың шығармаларды шығарса ойы озық, өскен елімен мақтанатын ұрпақ өсіп шықпақ. Бұл өз кезегінде тек экономика жағынан ғана емес, ұлттық кодты жоғалтпай, жаһандану дәуірінде рухани бәсекелестікке қабілеттілікті де күшейтудің күре тамыры саналады.
«Отбасындағы әдет-ғұрып, Отанның жаңағы кеңістіктегі орнын сақтау, сонау тамырын мыңдаған жылдардан алған Ұлы дала кеңістігіндегі осындай сипаттарды өзінің кеңістігіндегі сөз сүзгісінен өткізіп, қайрау ұсынып отыр. Бұл кілт ұлттың коды. Ұлтты сақтаудың басты жолы деп бағалауымыз керек»,- деді Қазақстан жазушылар одағының төрағасы, Нұрлан ОРАЗАЛИН.
Мақалада Елбасы осы ұлы мақсатқа қол жеткізудің, яғни рухани жаңғырудың басты 6 құрамдас бөлігін ұсынды. Олар - заман талабына сай Бәсекелік қабілетке ие болу, қанағатшылдыққа, ұстамдылыққа сүйенген, даңғойлықтан мүлдем алыс, кертартпалық дағдыны доғарып, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат құруы, Елдің эволюциялық жолмен дамуы және Сананың ашықтығы. Бүкіләлем бәсекелестігі - тек байлықпен ғана емес, білім қабілет, қайсарлығымен айқындалады.
«Барлығыда бүгінгі, ертеңгі болашақтың тірлігі. Ал енді соның ішінде біз үшін ұлттық дәстүр, сосын жаңағы Туған Жерге деген қамқор. Осы мәселе маған мысалы өзіме қатты ұнады. Осыған біз өз тарапымыздан не қоса аламыз. Туған жерге біз қаламгерлер не жасауымыз керек. Әрине біздікі жазуғой. Еңбек адамдарын көрсету, туған жердің проблемасын жазу. Соған байланысты жазушылардың қосатын үлесі мол»,- деді Қазақстан жазушылар одағының бас хатшысы, Берік ШАХАНҰЛЫ.
Елбасы мақаласындағы туған жерді құлай сүюге арналған тарауыда түйсігі бар жанға терең ой салады. Ол ұлттық салт-дәстүр, тіліміз бен музыка, әдебиетіміз сынды өзгеде жоқ өрлікке бастайтын ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс деді. Президенттің мақаласындағы тарауларды талқыға салған жазушылар жиын соңында тағы бір жағымды жаңалық естіп тарасты. Ол қаламгерлер қаламақысының өсетіні. Бөлінетін қаржыға кім көрінгеннің әдебиеті шыға бермес үшін көркемдік кеңес құру керектігі де көтерілді.
Перизат Көмекбайқызы, Әмірболат Құсайынұлы, Рашиддин Якупов