Елдордалық жол сақшыларының жұмысы жеңілдеді

Елдордалық жол сақшыларының жұмысы жеңілдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елдордалық жол сақшыларының жұмысы жеңілдеді. Пилоттық жоба ретінде жол ережесін бұзу деректерін тіркеуге арналған планшеттердің көмегімен тәртіп сақшылары екі аптаның ішінде 700-ге жуық хаттама толтырып үлгеріпті. Бұл қадам - қағазбастылықтан арылуға септігін тигізбек. Іске қосылған жаңа жобаның артықшылықтары жайлы әріптесім Назым Мәлікқызы айтып береді.

Ардақ Жиенбаев қаладағы жоғары санаттағы жүргізушінің бірі. Жол жүру кезінде қателік жасамауға тырысады. Аймақты бес саусағындай біледі. Дегенмен, абайсызда жол ережесін бұзды. Хаттама әдетте қағазға емес, «Электрондық хаттама» жүйесі арқылы толтырылды.

«Мен бұрылыс кезінде қажетті белгі көрсеткішін қосуды ұмытып кетіппін. Әзірге қандай айыппұл төлейтінімді білмеймін, бірақ 5000 теңге деген ойдамын. Жол полиция қызметкерлерінің айтуынша, бір аптаның көлемінде төлейтін болсам жеңілдік болады дейді. Демек, төмен төлеймін»,- деді Қала тұрғыны, Ардақ ЖИЕНБАЕВ.

«Электрондық хаттама» жобасын Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп әзірлеген. Көктемде халыққа таныстырылған жаңа жоба шілденің орта шенінде жерігілікті биліктің қолдауымен іске қосылыпты. Әзірге қала бойынша тәртіп сақшыларына 50 планшет берілген. Соңғы екі аптының ішінде полицейлер  гаджеттер арқылы 700-ге жуық хатта толтырыпты.

Азамат Балтабаевтың құқық қорғау саласында еңбек етіп келе жатқанына 5 жылдың жүзі болыпты. Осы уақытқа дейін, жол ережесін жіті бақылауында ұстап келе жатқан полицей, планшетті таптырмас құралға балады. Себебі, хаттаманы толтыруға небәрі 5 минут кетеді екен. Ол үшін  жүргізушінің жеке индентификаторлық нөмірі болса жеткілікті. Қалған ақпардың барлығы - жүйеде. 

«Бұл негізі жақсы. Протоколды жазбаша жазғаннан гөрі. Планшетпен жұмыс істеген оңай. Енді мысал үшін, 10-15 оданда көп кететін болса, қазір бізде 5-10 минут кетеді. Жақсы, ыңғайлы, оңай әрі қазіргі заман талабына сай»,- деді ІІД жол бекеті қызметінің инспекторы, Азамат БАЛТАБАЕВ.

Жыл соңына дейін планшеттер көлемі екі есеге артады. Яғни, 150 жуық гаджет жұмысты жеңілдетпек. Елордалық тәртіп сақшыларының барлығына кем дегенде  283 электрондық құрылғы қажет. Ал, жаңа жобаны ел аймағында жүзеге асыру үшін 3000 планшет керек екен.

Назым Мәлікқызы, Олжасбек Мәденов, «Алматы» телеарнасы, Астанадан


Новости партнеров