Еліміз көршілес мемлекетке қаржылай көмек көрсетпек

10.07.2017 17:17

Еліміз көршілес мемлекетке 100 млн доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тиісті құжатқа қол қойды. Ақорда таратқан ақпарат бойынша, Президент “Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Еуразиялық экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы” Заңды бекітті. Келісімге сәйкес, еліміз Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа интеграциясы үдерісіне көмектесу үшін қыруар қаржы бөліп отыр. Айта кету керек, Қазақстан 2014 жылы да Қырғыз еліне көмек ретінде 100 миллион доллар бөлген болатын.