Еліміз мұнай өндіруді қысқартуға арналған келісімшартты ұзартуға қолдау білдірді

29.05.2017 14:57

Еліміз нарықтағы тұрақтылықты сақтау үшін мұнай өндіруді қысқартуға арналған келісімшартты ұзартуға қолдау білдірді. Венада өткен ОПЕК елдері арасындағы кездесу барысында әлемде мұнай өндіру деңгейі сол қалпында, яғни күніне 1,8 миллион баррель көлемінде қалатын болды. Келісімшарт мерзімі 9 айға шақталып, өз күшіне 2017 жылдың екінші жартысынан бастап енеді. Ал еліміз әзірге мұнайды күніне 20 мың баррель, яғни ағымдағы мөлшері бойынша өндіреді. Алайда биыл күзде бұл көрсеткіш қайта қаралуы мүмкін. Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір елде орта есеппен күніне 1,6 баррель мұнай шығарылатын көрінеді. Ал соңғы екі айда бұл көрсеткіш артқан.