Елімізде 20 мыңнан астам адам АИТВ дерті бойынша тіркеуде тұр

20.02.2018 04:58

Қазақстанда жыл сайын иммун тапшылығы вирусына шалдыққандар саны 10 пайызға артып отыр. Өткен жылы жүргізілген тексеру барысында аталмыш індетті 2800 адам жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі мәлімдеді. Вирустың кең етек жаюына Қазақстанға келген кірмелер себеп болған. Елімізде бүгінгі таңда 20 мыңнан астам адам осы дерт бойынша тіркеуде тұр.

«Егер шетелдіктер арасында  әлеуметтік осал топтарды қарайтын болсақ, ол 9 пайызды құрап отыр.Осыған орай, халықаралық сарапшылар мигранттарды ең түйіткілді тұрғындар қатарына жатқызу керек дейді. Демек, профилактикалық бағдарламалар, вирусты емдеу мен тексеру қол жетімді болуы тиіс», - деді  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат АҚТАЕВА.



Теги: Дерт