Елімізде алдағы бір жылға білім беру гранттарының тізімі жарияланды

Елімізде алдағы бір жылға білім беру гранттарының тізімі жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде 2018-2019 жылдарға арналған білім беру гранттарының тізімі жарияланды. Бакалаврға түсетіндерге 53 мың 594, магистрлік білім алуға 12 мың 504, ал PHD докторлығына 2 мың 240 грант бөлінген. Ал техникалық мамандықтардан бөлек  11 мың адамға тегін білім алу мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл бүгін Білім және ғылым министрлігі өткізген баспасөз отырысы кезінде мәлім болды.

Жыл сайын жоғары білім аламын дейтіндерге  мемлекеттің қолдауы кеңейіп келеді. Уақыт өте гумманитарлық салаға қарағанда техникалық мамандықтарға көңіл бөлініп отырғаны рас. Биыл жоғары оқу орнына түсуге ниет білдіргендер саны 102 мың екен. Оның тең жартысының үкілі үміті ақталуы ықтимал. Демек жыл сайын бөлінетін 30 000 мыңға жуық гранттың үстіне биыл қосымша тағы 20 000 грант бөлінген болатын.

«Қазіргі кезде мемлекеттік тапсырыстың аясында Қазақстан бойынша, медициналық, әскери, тағы басқа профилді оқу орындарын қоса санағанда 53 мың орын қарастырылған. Олардың арасында Президент тапсырмасы бойынша қосымша 11 мың техникалық мамандыққа бөлінеді. Жалпылай алғанда 25 мың техникалық білім алушылар грантқа таласады»,-деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.

Вице-министр бұдан бөлек , биыл  агроөнеркәсіп саласына ден қойылғанымен бөлісті. Оның ішінде техникалық бағыттар да бар. Осыған орай, биыл мемлекеттік бюджеттен жыл сайын бөлінетін 345 мың теңге 645 мың теңгеге көтерілген. Сұранысқа ие мамандықтардың ішінде медицина саласы да бар.

«Кей мамандықтарға сұраныс артып отыр. Оның ішінде медицина да бар. Осыған орай, кей аймақтар өзінде бар оқу орындарының ішінен жалпы мадицина факультетін ашуға ниет білдіріп отыр. Бұл жақсы қадам. Себебі кейбір жоғарғы оқу орындары  адам саны артқан кезде қабылдай алмай жатады»,-деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл АСЫЛОВА.  

Осы жерде ұлттық бірыңғай тестке дайындық барысы да маңызды жәйт. Жаңа форматқа көшкелі бері сынақ ойдағыдай жалғасуда. Биылда қатты өзгеріс болмайды,-дейді. Түлектер әдеттегідей 5 пәннің ішінен өзі қалайтын екі пәнді таңдауға мүмкіндігі бар. Белгілі болғандай, аймақтарда тозығы жеткен техникалық аппараттарды ауыстыру жұмыстары іске асуда.

"Қазіргі таңда 1200 қолданатын аудитория дайын. 167 пунктте өтеді. Техникалық құралдар дайындалып жатыр. Жергілікті атқарушы органдар оларды қамтамасыз етіп жатыр. Видео-онлайн трансляция былтыр 30 пайыздай қамтамасыз болса, биыл 80 пайызға жеткізетін мақсатымыз бар. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз»,-деді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.  

Өткен жылы бағын сынап, оқуға түсе алмағандар да биылда қайта тапсыруға мүмкіндік алады. Құжатты қабылдау маусымның 1-нен басталыпта кеткен. Кешенді тест шілденің 14 мен 18 аралығында өтпек. Айта кету керек, білім министрлігі «Астанадағы медициналық университет» төңірегінде болған дау -дамайға қатысты алдағы уақытта әрбір студенттің IELTS құжаттарын жіті тексермек.

Назым Мәлікқызы, Дәурен Зарипов, Алматы телеарнасы, Астанадан.


Новости партнеров