Елімізде азаматтарды жұмыспен қамту бойынша жаңа бағдарлама іске асты. Енді жұмысқа орналаса алмай жүрген азаматтар халықты жұмыспен қамту заңнамасына сәйкес бұл олқылықты жоя алады. Одан бөлек, қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде жұмыс орындарынан босатылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жұмыспен қамту бағдарламасы 2017-2021 жылдарға арналған. Оның шеңберінде жұмыссыз болып тіркелген азаматтардың 1140-ы әлеуметтік жұмысқа тартылса, жастар тәжірибесінен 2000 адам өтеді. Бағдарлама 3 бағытта іске асады.
«Қоғамдық жұмысқа 3000 адамды жұмылдыру жоспарланып отыр. Ал 14 мың адамды тұрақты жұмыспен қамту қарастырылған. Биылғы жылы жұмыспен қамту орталығына қамаудан босатылған 110 азамат хабарласқан. Олардың 24-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 44 адам жұмыстан өз еріктерімен бас тартты. 9 адам қоғамдық жұмысқа жұмылдырылды», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.