Елімізде жаңа құрылысқа деген сұраныс артты

27.07.2017 18:49

Елімізде жаңа құрылысқа деген сұраныс артты. Бастапқы баспана құнының өзгермегеніне қарамастан, баспана алушылар қатары жыл басынан бері 30 пайызға көбейген. Сарапшылар Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы ең танымал нысандарды анықтады. Осылайша, 500 тұрғын-үй кешенінің мәліметтеріне талдау жасалды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы бағалардың тұрақты сақталуы ескеріле тұра, зерттеу нәтижелері кезекті рет жаңа құрылысқа деген сұраныстың артқанын көрсетті. Қаңтар айынан маусым айы аралығында жаңа құрылыстардағы тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны биылғы жылы өзгермеген. Тек элиталы баспаналардың бағасы біраз өсім көрсеткен. Астанада бұл үйлердің құны жарты жылда 2,9 пайызға қымбаттаса, Алматыда олар 1 пайызға жоғарылаған. Ал қатардағы тұрғын үйлердің бағасы өзгермеген деп пайымдайды сарапшылар.  Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 1-інші және 2-інші кластағы нысандарды сатып алушылардың тапсырысы едәуір қысқарған. Элиталы құрылыс бойынша - 4,4 пайыздан 2,6 пайызға дейін және бизнес-класс нысандары бойынша - 46,7 пайыздан 31,4 пайызға дейін төмендеген. Мәліметтер LS порталынан алынды.