Елімізде жанармай бағасы қайта арзандай бастады

Елімізде жанармай бағасы қайта арзандай бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде  бірнеше жағармай құю бекеттері халық ең көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин бағасын арзандатты. Бұл Елбасынан сөгіс естіген Қанат Бозымбаевтың болжамы орындала бастады деген сөз. Естеріңізде болса, Энергетика министрі желтоқсан айының басында жанармай арзандайды деген еді. Бірақ жанармай құю бекеттеріндегі баға да әр түрлі. Дегенмен, бензин бағасы біртіндеп төмендеуде. Бұл үрдіс қай уақытқа дейін сақталады? Баға тұрақталады ма? Осы және де өзге де сұрақтарға жауап алу үшін біз осы саланың сарапшысы, техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс Меңдібаевтың тікелей эфирде пікірін білсек. Тоқтамыс Нүсіпқұлұлы, қайырлы кеш. Ең бірініші сұрақ, баға неге төмендеді? Бұл уақытша қолдан жасалған әрекет емес пе тағы?

-Жоқ, ондай қолдан жасалған әрекет деп ойламаймын. Өйткені, өткен жылы күзге қарай еліміздегі екі мұнай өндеу зауытының күрделі жұмыстарға байланысты жұмысы тоқтағаны белгілі. Сондықтан біздің өзімізде мұнай өндіру көлемі біршама шектелді де, ішкі сұранысқа қажетті бензиннің 40 пайызын біз қазан айында Ресейден сатып алуға тура келді. Ал Ресейде бензин бағасы бізге қарағанда қымбат. Мысалы АИ-92 бензинінің 1 литрінің бағасы 220 теңгеге дейін жетеді. Себебі Ресейдегі мұнай өнімдерінен салынатын салық мөлшері бізге қарағанда әлдеқайда жоғары. Осыған байланысты бізде Ресейден алынатын бензиннің  және жанармайдың көлемінің артуына байланысты бізде ішкі баға жоғарлап кетті», - деді  техника ғылымдарының докторы Тоқтамыс МЕҢДІБАЕВ.

-Кенеттен төмендеген бензин бағасына көбі сенімсіздікпен қарайды. Халық арасында бұл төмендеген баға ертең-ақ шарықтап шыға келеді дейтіндер де жоқ емес. Жалпы, алдағы жарты жылда  баға тұрақты болады ма? Тұрақты болса, ол қанша уақытқа дейін жалғасады? Себебі, жаңа жылдан кейін Ресейде бинзин бағасы көтеріледі деген қауесет өріп жүр.

- Ол енді бензин ішкі сұраныстағы бағасы тұрақтауы мүмкін. Тіпті аздап төмендеуі де мүмкін. Өйткені сол салада жұмыс істеп жүрген мамандардың айтуынша, қазіргі кезде өзіміздегі үш зауыт толық қуатымен өз жұмысына кірісті. Сонымен өзіміздегі ішкі нарыққа өзіміз өндіретін мұнай өнімдері шығарыла бастады. Оның ішінде АИ-92 бензині бар жанармай бар, сонымен баға қазір біршама төменлдеді. Өйткені біз Ресейден бензин алу көлемін осы желтоқсан айында біраз азайттық. Сонымен бірге бұл баға әрине осы бүгінгі қалпында сақталуы мүмкін, аздап төмендеді. Осы қалпында осы жылдың аяғына дейін, келесі жылдың бірінші тоқсанында баға осы қаолпында қалады деп ойлаймын. Бізге Ресей бензинінен тәуелділікті тоқтату керек. Бұл жайында қуат министрліктерінің басшыларының айтуынша, 2018 жылдан бастап біз өзімізде авиакеросин, бензин, жанармайдың әр түрлерін өз жерімізде шығарамыз да, Ресейге тәуелділіктен арылу бізге мұнай өнімдерінің бағасын біршама төмендетуге мүмкіндік береді.  

Жақында ғана «Қазмұнайгаз»-дың топ-менеджерлері бағаны арзандатсақ, отынды көрші елдер талап әкетеді дегенді айтып қалған еді. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады. Қазіргі уақытта өзіміздің ішкі нарықты қорғау тетіктері бар ма?  

-Бізде ішкі нарықты қорғайтын әрине заңдар бар. Оның үстіне біз елімізде ішкі нарықтағы АИ-92 жалпы бензиннің сұранысы 4 млн тонна болатын болса. Сол 4 млн тоннаны мұнай өндеу зауыттары ішкі нарыққа жіберу керек. Бұған белгілі бір шектеу қойылуы керек. Ал енді сыртқы сатуға шығаратын мұнай өнімдеріне келер болсақ, бұл нарық заңдылығы. Біз өзімізде мұнай өнімдерін көптеп шығарып, Ресейге және көрші елдерге арзан бағамен сататын болсақ, нарық заңдылығына сәйкес біз көп пайда табамыз. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Тек біз ішкі нарықты өзіміздің заңмен қорғауға тиіс та, ал енді неғұрлым мұнай саласында қалыптасқан ұғым бар - бір тонна шикі мұнай сатқаннан, бір тонна шикі мұнайдан алынатын мұнай өнімдерін сату 3-4 есе пайдалы деп. Сондықтан бізге Қазақстанға тиесілі мұнайды өзіміздің мұнай өндеу зауыттарына жіберіп, оларды толық қуатта жұмыс істетіп, сөйтіп мұнай өнімдерін нарық қой енді Ресейге, Қырғызстанға, Өзбюекстанға сатсақ. Біз көп пайда табар едік. Сонда біз қазір көбінесе қуаттың негізгісі мұнай өнімдері болса, бұл салада өзіміздің ішкі нарықтағы мұнай өнімдерін бағасын арзандату экономикаға оң әскерін тигізіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мемлекетіміздің тұрақты экономикаға ие болуына оң себебін тигізеді деп санаймын.  

-Тоқтамыс Нүсіпқұлұлы пікіріңізге көп рахмет.


Новости партнеров