Теңге соңғы 3 күнде нығайып келеді. Бүгінге доллардың орташа бағамы 330 теңге 28 тиын болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында хабарланған. Соңғы 3 айда Ұлттық банк теңгенің әлсіремеуі үшін 500 миллион доллар жұмсаған. Ал, кейбір сарапшылардың сөзінше, теңгенің нығаюына мұнай бағасының тұрақталуы себеп.
Осы тұрғыда, төл теңгенің болашағына қатысты пікір білдіру үшін экономист Мақсат Халықпен тікелей байланысқа шықпақпыз. Қайырлы кеш Мақсат, теңгенің бұлай нығаюына не себеп?
- Егер айтатын болсақ, расымен де қазіргі соңғы күндері теңгеміздің нығайғаны байқалады. Енді оның негізгі себебі, мұнай нарығындағы бағаның тұрақталуы деп айтуға болады. Соңғы уақытта 60-тан жоғары бір барреліне мұнайдың сатыла бастауы. Бұл біздің экономикамыз үшін ыңғайлы және қолайлы әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ, осы жылды белгілі дәрежеде айтарлықтай 3,5 пайыздан асатындай өсіммен аяқтаймыз деп көптеген сарапшылар болжам жасап отыр. Сондықтан да теңгеміздің қазіргі уақытта нығайуымна ең негізгі себеп осы мұнай нарығындағы бағаның тұрақталуы деп айтуға болады.
- Теңгенің мұндай көрсеткіші қанша уақытқа дейін созылуы мүмкін?
- Бұған қатысты енді өзімнің пікірімді айтатын болсам, әрине нақты бір болжам айту қиын. Бірақ дегенменде осы жылдың аяғына дейін теңге бағамы осы 340-тан асып кетпейді деп айтуға болады. 340-345 ары кеткен кезде. Енді бұл біздің белгелі дәрежеде бюджеттегі жоспардың өзі 330 болатын. жылдық теңге мен доллардың бағамы 330 болып бекітілген. Сол бағамды белгілі дәрежеде ұлттық банк та өз тарапынан бүгінге дейін ұстап келді деп айтуға болады. Енді оны біз нақты көретініміз, мысалы тамыз айында және қыркүйек, қазан айларында ұлттық банктің белгілі дәрежеде интервенция жасалғандығы байқалады. 500 миллион долларға дейін өктемділік саясатын жүргізіп, теңгенің күшіне белгілі дәрежеде жұмсалғандығы байқалады.
- Алдағы уақытта доллар өсе ме, әлде бұдан да төмендейді ме?
- Жақсы сұрақ. Енді бұған қатысты өзімнің пікірімді айтатын болсам, әрине әртүрлі пікірлер бар. Дегенменде доллардың әлемдік нарықта тұрақты валюта екенін білеміз. Оның бағамы күштілігі мықты. Біздің мемлекетіміздің долларға деген байланғаны өте жоғары дәрежеде. Өйткені біз көптеген тауарларды доллармен сатып аламыз. Сондықтан да белгілі дәрежеде доллардың күші төмен түсіп кетеді ешкім айтпайды. Ол белгілі дәрежеде өсіп отырады. Көрші елдің валютасы рубль өзін қалай ұстайтын болады соған да байланысты деп атап өткен дұрыс. Осы факторлар тұқрақты болатын болса, теңгеміз де белгілі дәрежеде тұрақтылығын ұзақ уақытқа дейін жалғастырады деп айтуға болады.
- Мақсат мырза байланысқа шыққаныңызға рахмет!