Елімізде конституциялық реформаларға байланысты 8 заң өзгертіледі

27.04.2017 18:06

Елімізде конституциялық реформаларға байланысты 8 заң өзгертіледі. Бұл туралы Астанада өткен мәжілістің жалпы отырысында айтылды. Сонымен қатар, жиында Қазақстан мен Ресейдің үкіметтері арасында теміржол көлігінің қозғалысын реттеу туралы заң жобасы қаралды. Баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, құжатқа қол қойылса, екі елдің мемлекеттік шекарасында тексерістер тоқтатылады.


«Аталған нормалар жолаушыларды жеткізу мерзімін бір бағытта 36 сағаттан 23 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа хаттамамен өзге елдің аумағында орналасқан бір елдің аумағында орналасқан бір елдің темір жол учаскесіне жүк опреацияларын жүргізу үшін станцияларды ашу және жабу сұрақ регламент етіледі. Хаттама мен шекаралық аймақтардағы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелерін қарастырылған», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.


Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысы халыққа ашық, әрі жариялы болуы қажет деген мәселе көтерді. Депутат қор басшыларын инвестициялық бағдарламалары мен есеп-қисабын арнайы сайтта жариялауға шақырды.


«Қазір ұйымдардың қабылдап жатқан шешімдері көпшілікке түсініксіз. Сондықтан біз олардан жұмыстың ашық болғанын талап етіп отырмыз. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді депозиттегі қаржының кіріс-шығысы туралы салымшыларды ақпараттандыруға міндеттеу керек», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Екатерина НИКИТИНСКАЯ.