Елімізде күннің қашан жылынатыны белгілі болды

29.01.2018 23:02

Үш күннен соң, елімізде күн жылына бастайды. «Қазгидрометтің» таратқан мәліметі бойынша, сарышұнақ аяздың беті Қазақстанның көп бөлігінде қайтады екен. Оңтүстік аймақтарда тіпті ауа температурасы нөл градустан жоғарыламақ. 29-30-шы қаңтарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды мен Шығыс Қазақстанда ызғардың беті қайтып,  апта соңында ауа температурасы -7, -15 градус болады деп болжанған. Айта кетейік, 29-шы қаңтарға дейін еліміздің басым бөлігінде қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.