Елімізде православтар шоқыну мерекесін тойлауда

20.01.2017 16:37

Елімізде православтар шоқыну мерекесін тойлауда. Христиандар кешелі бері Алматыдағы шіркеулерде құлшылық етіп, аязды күнде суық суға түсіп жатыр. Олардың түсінігінде дұғаланған су - бойдағы барлық күнәні жойып, адам баласын тазартады.

Мерекелік қасиетті литургия өткен түні Вознисен кафедралды соборында өтті. Шоқыну мерекесіне арналып, қаланың 8 бірдей аумағында ойықтар қазылған. Сақтық үшін, ол орындарға құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері шақырылыпты. Түнде суға түсіп үлгермегендер, мұнда күндіз келе алады. Құтқарушылар қауіпсіздік үшін кезекшілік етеді.