Елімізде шетел валютасымен ипотекалық несие алғандардың мәселесі оң шешім таппақ

Елімізде шетел валютасымен ипотекалық несие алғандардың мәселесі оң шешім таппақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде шетел валютасымен ипотекалық несие алған 21 мың азаматтың мәселесі оң шешім таппақ. Бұл тек 2016 жылға дейін банктен берешек алғандарға қатысты.  Көк қағаз құнының аспандап кеткенін ескерген елбасы Ұлттық банк бұл мәселені биылдан қалдырмай шешуі тиіс деген еді. Енді барлық қарызгерлерге  мойынындағы берешегін екі есе азырақ төлеуге мүмкіндік беріліп отыр. Проблемалы борышкерлердің ипотека мәселесі енді қалай шешілмек? Осы және өзге де сұрақтың жауабын білу үшін бізбен тікелей байланысқа Ұлттық банктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Ербол Қыстаубаев шығып отыр.

-Қайырлы кеш, Ербол мырза! Ұлттық банк қолданыстағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына  қандай өзгертулер енгізді? Мәселе қалай шешілмек?

-Қайырлы кеш, Өмір! Енгізілген Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағдарламасы ипотекалық тұрғын үй, ипоткалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы енгізілген өзгертулер шеңберінде 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін алынған барлық шетел валютасында алған барлық қарыздарды қайта қаржыландыру көзделіп отыр. Бұл ретте қайта қаржыландыру ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы ресми бағамы бойынша жүзеге асырылатын болады.

-Ал бұл қайта қаржыландыру бағдарламасының нақты  талаптары қандай болмақ?  Осы ретте, әлеуметтің осал топтары ескерілген бе?

-Енгізілген өзгертулердің шеңберінде барлық шетел валютасында алған қарыздарды қайта қаржыландыру жылдық 12 пайызбен жүзеге асыралатын болады. Ал әлеуметтік әлсіз топқа жататын азаматтар үшін жылдық 3 пайыз бойынша қайта қаржыландыратын болады. Және де айтып өткендей 2015 жылдың 18 тамыздағы Ұлттық банктің ресми бағамы-188  теңге 35 тиын бағамы бойынша жүзеге асырылатын болады.

-Ал мұндай мүмкіндік қаншама борышкерге көрсетілу  көзделген? Екінші деңгейлі банк алдында көк қағазбен ипотекаға қарыз алғандар  өтініштерін қашаннан бастап жазуларына болады?

-Енгізілген өзгертулер бойынша, қазіргі таңда 21 мыңнан астам шетел валютасында алған қарыз қайта қаржыландыру жоспарланып отыр. Қайта қаржыландыру екінші деңгейлі банер мен ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады. Сол себептен шетел валютасында қарыз алған азаматтар жақын арада өздері қарыз алған банкке барып жүгініп, өтініш жазуларына болады.

-Айтқан ақпаратыңызға рахмет! Жұрт жаңа бағдарламаның шарапатын көреді деп сенеміз! Бізбен тікелей байланысқа шыққан Ұлттық банктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау және сыртқы байланыстар басқармасының бас маманы Ербол Қыстаубаев болатын.




Новости партнеров