Елімізде студенттер жатақханасы жетіспейді. Жоғары оқу орындары мен колледжерде оқитын бас-аяғы 530 мың тәлімгердің 200 мыңнан астамы сырттан келгендер. Қазір соның 75 мыңының жатын орны жоқ. Өңірлерді аралауға шыққан мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев жастармен кездесуде осылай деді. Ол жиында Елбасы бастаған бес бағытқа тоқталып, студенттерге мәселені шешудегі атқарылып жатқан жұмысты түсіндірді. Халық қалаулысы жатақхана тапшылығы 2019 жылы шешімін табуы тиіс, деді. Бұл мәселені тікелей бюджеттің қаражатына емес, инвесторлармен бірлесе шешу көзделіп отыр.
«Беріліп отырған гранттардың тағы да санын 20 мың грантқа өсіру. Бұл дегеніміз үлкен көмек. Егер қазір 57 мың грант Қазақстанда беріліп отыратын болса, енді соның саны тағы да өседі. 11 мың грантын біз тікелей техникалық бағытқа бөлуді, Елбасымыз басты сол жаққа назар аударуды тапсырды», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Омархан ӨКСІКБАЕВ.