Елімізде сырттағы қандастарды жан-жақты қолдауға арналған «Отандастар» қоры құрылады. Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл қордың жұмысына тек мемлекет қана емес, бизнесмен қазақстандықтар да қолдау көрсетуі қажет деді. Әлемнің 40-қа жуық елінен жиналған құрылтайда Елбасы сырттағы қандастардың мәселесін шешу үшін министрлік өкілдеріне 8 түрлі тапсырма берді. Бір-бірімен қауыша кездескен қазақтар көкейкесті мәселелерін Президентке тікелей жеткізіп, жасалған жұмыстар үшін алғысын білдірді. Қауымдастықты тура бір мүшел басқарған Талғат Мамашев қызметінен кетіп, жиында Елбасы дүниежүзі қазақтары қауымдастығын басқаратын жаңа басшыны таныстырды. Тарихи жиында сөз болған өзге де мәселелерді тілшіміз Әмірболат Құсайынұлынан білсек. Ол бізбен тікелей байланысқа шығуға дайын.
Әмірболат, айтшы, 6 құрлыққа тараған қазақ ағайынмен қарым-қатынасты нығайтумен бұдан былай кім айналыспақ?
Құрылтайда айтылған, талқыланған дүние аз болмады. Еуропа елдері, көрші мемлекетер, тіптен АҚШ, алыстағы Австралияданда қазақтар асыға жеткен. Жиында жан-жаққа шашылған қазақтардың рухын асқақтатып, санасын серпілткен сүбелі сұхбаттар айтылды. Елбасынан өткен қилы жағдай, түрлі тағдыр, тарихқа қысқаша тоқталған Президент нақты тапсырмаларды берді. Мәселен, қазір көшіп келетін қандастардың құшақ-құшақ құжат жинатқызатын жайттарды шешуді, бұл мәселені шешуді СІМ тапсырды. Ең бастысы сырттағы ағайынды қамқорлыққа алатын «Отандастар» қорын құруды, ассмлизацияға ұшыраған жас ұрпаққа тілін, дәстүрін үйрету үшін сыртағы ағайынды әдеби оқулықпен және газет-журналмен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұдан бөлек Елімізде білім алғысы келетін жастарға грант санын екі есеге арттыруды жүктеді.
«Қайда жүрсе де қазақтың тарихи отаны біреу-ақ қана дүниежүзінде. Ол Қазақстан. Атамекенде жалғыз ол бір уыс топырағына дейін қажетті біздің ұлы дала қазақ еліміз. Бас қосуға негізінен мендегі мәлімет бойынша жас буын қатысып отыр. Себебі, жас ұрпақ түбі тарихи негізі қазақ екенін ешқашан ұмыпайды. Олардың ата-аналарына өте көп рахметімізді айтамыз»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Әр қазақ менің жалғызым, оларды жеке-жеке елге шақырамын деген Елбасы, Тәуелсіз Қазақстанның дамуына әр қазақ қызмет етуі қажет деді. Халық санының 18 миллионға жеткенін жуырда ресми жариялаймыз деген Президент демографилық жағдайға ғана емес, білім, ғылым, өнер, спорт, бизнес саласында еңбек етіп, аты шыққан ағайындардың осыдан небәрі оншақты жыл бұрын ғана өзге елдерден келгенін тілге тиек етті. Қазақстандағы жұрт кирилше, Еуропада тұратын қазақ латынша, ал қытай қазақтары төте жазумен жазып, бір-бірімізді түсіне алмаймыз. Сондықтан, барлығымызға ортақ латын ғаріпіне көшуді жеделтету керекпіз деді Мемлекет басшысы. Үкімет мүшелері, барлық облыстың әкімдері, елдегі зиялы қауым түгелге жуық қатысқан құрылтайда қауымдастықтың басшылары тағайындалды. Төралқа төрағасының орынбасары қызметін тура 13 жыл, бір мүшел басқарған Талғат Мамашев қызметінен кетіп, орнына Зауытбек Тұрысбеков тағайындалды. Бұған дейін талай лауазымды қызмет атқарған Тұрысбеков көші-қон саласындағы күрделенген көп жұмысты сөзбен емес, іспен дәлелдеймін деп көптің алдында сөзін қысқа қайырды. Ал әр елден келген делегаттар қазақ көші-қонын жетілдіру жолындағы өзгеде ойларын ортаға салды.
«Екі түрлі мәселені негізінен ұсыныс жасадым. Біріншісі, бұрынғы оралмандар қазір Қазақстан азамттар арасынан 25 жылдың ішінде көптеген табыстарға жетті. Білікті-білімді мамандар көп шықты. Солар билік төрінен өкілдер көрінсе екен деген сенімімді білдіре кеттім. Екіншіден, жалпы мына дүниежүзі қазақтар қауымдастығының статус мәртебесін көтеруіміз керек. Өйткен, жұқмыс істеу үшін оның қолайлы жағдайы жасалуы керек. Осы қолайлы жағдай тағы жасалатын болды. Осы екеуі де елбасының тарапынан қолдау табылатын болды»,- деді Моңғолия ғылым академиясының президенті, ¤Бакей АҒЫПАР.
«Президенттің алдына шығып сөз сөйледім. Ирландиядан келіп өз ойларымды айттым. Тілектерімізді болды соның бәрін президентіміз бізден сұрап құлақ түрді. Соған риазмыз. Жалпы, құрылтайдан алған әсерім өте жақсы»,- деді Рhd докторы (Ирландия), Кесижи ӨЗГЕЖАН.
Туған жер қанымыздың түйіршігінде, жанымыздың түпкірінде, тарихи таным түйсігіміздің терең қатпарында қатталды деген қандастар өздері өмір сүріп жатқан мемлекеттерде жүріп-ақ Тәуелсіз Қазақстанның дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Тәуелсіздік сарайынан тараған құрылтай қонақтары Назарбаев университетімен танысып, ЭКСПО көрмесін аралады. Олар бұған дейін, кеше ЭТНО-мәдени ауылды көріп, Астананның өзгеде көрікті орындарына барған еді. Дәл қазір сырттан келген зиялы қауым Салтанат сарайында Елбасымен бірге қонақасқа қатысып жатыр. Ал ертең барлық министрлік, комитет өкілдерінің қатысуымен 5 секцияға бөлінген құрылтайдың жиыны ертеңде жалғасады. Құрылтай қарсаңында ертең Қалифа Алтайдың 100 жылдығына орай өтетін ғылыми-конференцияға қатыспақ. Қара шаңырақ Қазақ жерінен қуат алған қандастар Президент сәлемін жер әлемдегі қазақтарға жеткізетін болып тарасты.
Рахмет, Әмірболат!