Еліміздің 8 ЖОО әлемнің ең үздік университеттер қатарына енді

19.10.2017 04:54

Ұстаздар артық жүктен босауы ықтимал. Білім министрі мұғалімдерді түрлі есептен құтқарғысы келеді. Әңгіме, ұстаздар қауымына жергілікті әкімдіктер тарапынан жүктелетін тапсырмалар туралы. Ерлан Сағадиев «сол есептерді қысқарту керек», - дейді. Өйткені, қажетсіз қағазбастылық ұстаздарды тікелей міндетінен алшақтатып отыр. 

«Бүгінгі таңда жергілікті әкімшіліктерде 15-тен 20 дейін түрлі комиссия жұмыс істейді. Оның ішінде, жемқорлық, жеткіншектер құқығын қорғау, әйелдер мәселесін қарастыратын бөлімшелер бар. Барлығы мектептен есеп беруді талап етеді. Мұғалім оған жауап жазады. Осыған орай, мектептерден ақпар алуға тосқауыл қоюды сұраймын», -деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ. 

Сонымен қатар, Сағадиев білім саласындағы өзге де мәселелерге тоқталды. Белгілі болғандай, апаттық жағдайдағы және 3 ауысыммен оқитын  112 мектепті жөндеу үшін әрі, нысандар санын арттыру үшін ұлттық қордан 72 млрд теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 24 жаңа мектеп салынады. Жекеменшік балабақша саны биыл 12 пайызға артыпты. Өсім Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Алматыда байқалады. Жоғары оқу орнын басқаратын ректорларға да қойылатын талап өзгерген. Бүгіндері 17 ректор таңдалыпты. Еліміздің 8 жоғары оқу орны әлемдік деңгейдегі ең үздік университеттер қатарына еніпті.