Еліміздің азаматтарына экономикалық білімін жетілдіруге мүмкіндік жасалмақ

06.04.2017 16:13

Қазақстан әлемнің 185 мемлекетімен сауда саласы бойынша қарым-қатынас орнатады. Осының арқасында соңғы 10 жылда ел экономикасына 200 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартылыпты. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында еліміздің азаматтарына экономикалық білімін жетілдіруге мүмкіндік жасалмақ. Биыл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғанына 1 жарым жылдан асты. Осы жылы біздің еліміз тұңғыш рет сауда саясатын дамыту жөніндегі курс өткізу құқығын иеленді. Арнайы курсқа Орталық және Шығыс Еуропа, Орталық Азия мен Кавказдың 12 елінен келген 30-ға жуық адам қатысып жатыр. Дәрістер еліміздің әлемдік нарықтағы беделін арттыруға сеп болмақ.

«Аталған курс дамушы елдерге ұйымның ережелерін жақсы түсініп, оның жұмысына етене араласуға мүмкіндік береді. Шараға қатысушылар ұйымның нормативтік-құқықтық базасын, ұйым шеңберіндегі дауларды шешу, демпинг секілді нақты мәселелерді зерттейді. Сондай-ақ келіссөздерді жүргізуге машықтанады», - деді ДСҰ экономикалық қарым-қатынас департаментінің қызметкері Мустафа СЕККАТЭ.