Еліміздің шекарасын заңсыз асып өтпек болған Сирияның 6 азаматы ұсталды

23.08.2017 11:16

Еліміздің шекарасын заңсыз асып өтпек болған Сирияның тағы 6 азаматы ұсталды. Олар жалған құжатпен Ұлыбританияға ұшып кетуді жоспарлаған.  Оларды «Алматы» шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы «Тегеран - Алматы» бағытындағы рейске мінбек болған жерінен ұстады. Шетелдіктер тексеруге Болгария Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын ұсыныпты. Алты азамат Қазақстан Республикасының аумағын Еуроодақ елдеріне шығу мақсатында транзит ретінде пайдаланғысы келген көрінеді. Ұсталғандар туралы құқық қорғау органдары мен өзара әрекет етуші органдар өкілдеріне хабарланды. Еске сала кетейік, күні кеше «Астана» шекара бақылауы бөлімшесінің қызметкерлері Астана-Лондон рейсінде тексеруге Болгария азаматының құжатын тапсырған сириялық екі азаматты анықтаған болатын.