Қазақстанға Ресей мен Қырғыздан келетін азық-түлік өнімдерінің сапасы төмендеген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4 пайызды құраса, биыл 10 пайызға бірақ көтеріліпті. Бұл тауар сапасы мен қауіпсіздік көрсеткішінің екі есеге төмендегенін көрсетіп отыр -дейді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин. Қазан айында жүргізілген тексерулерге сәйкес, еліміз аумағына жеткізілген қырғыз өндірушілерінің азық-түлік өнімінің 23,4 пайызы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 44 пайызы техникалық регламентке сай келмеген. Сапасыз тауарлардың басым бөлігі шұжық, сүт және кондитерлік өнімдер.
«Еуразиялық Экономикалық Одаққа кірмес бұрын Қырғыз өнімдері белгілі талаптармен өтетін. Яғни, олар 1,5 мыңға жуық тауар өнімдерін сертификаттап, декларация тапсыратын. Ал 2016 жылғы көрсеткішке қарасақ, тек 242 жуық азық-түлік өнімі соңғы он айда 126 ғана тауар түріне құжат дайындалған. Бұл дегеніміз, контробандалық тауарлар кіріп жатқанын білдіреді. Әрі көрші мемлекеттің зертхана жұмысымен айналысатын қызметкерлері қажетті деңгейде дайын емес», - деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.
Жандарбек Бекшин жалпы алғанда еліміздегі азық-түлік қауіпсіздік деңгейі қалыпты екенін жеткізді. Соңғы 9 айда жүргізілген арнайы тексеруге көз жүгіртсек, сомасы 11 млн-нан астам теңгені құрайтын 172 мың тоннаға жуық талапқа сай келмейтін өнім анықталыпты.