Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеме жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«БЖЗҚ» АҚ-дан «Қазкоммерцбанк» АҚ ағымдағы/карталық шоттарына зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі атап өткендей, «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға қосылу арқылы ерікті түрде қайта құрылуына байланысты «Қазкоммерцбанк» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстары жүргізілді.

«БЖЗҚ» АҚ-дан «Қазкоммерцбанк» АҚ ағымдағы/карталық шоттарына зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ», — деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, «Қазкоммерцбанк» АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады.

Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе 88000800059 тегін нөмірі арқылы ала аласыз.  


Новости партнеров