Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлге қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Осыған дейін, ұлттық бюро қызметкерлері оның 1 жарым миллион теңге көлемінде пара алғанын айтқан болатын. Алайда, Алматы қалалық соты «Сезам» қорының жетекшісінен 900 мың теңге көлемінде ақы алды деп айыптап жатыр.