Есілдің қатты ағысы жеті жасар баланы алып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өзенге құлап, батып кеткен ер баланың денесін іздеп жатыр.
Қайғылы оқиға 9 маусымда Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында болған. Жеті жасар Данил Захаревич пен тағы бір бала Есіл өзеніне балық аулауға барады. Көпір маңында Данил биік жардан өзенге құлап, қатты ағыс Петропавл қаласына қарай алып кетеді.
Облыстық ТЖ департаменті баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, баланың денесі әлі іздестіріліп жатыр.
"Оқиға орнында құтқарушылар мен сүңгуірлер жұмыс істеуде. Өзеннің аңғары тексеріліп жатыр", — дейді Журавлев.
Полициямен бірге іздеу шараларына жергілікті халық та кірісіпті. Еріктілер жағалау маңын шолып жүр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
29.10.2026 09:10
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47