Шығыс Қазақстан облысына есірткі тасымалдаумен айналысқан алматылық азамат ұсталды. «Әйгерім» ықшам ауданында қолға түскен жігіт Шу қаласының тумасы болып шықты. Бұрын-соңды Өскемен қаласында есірткі саудасына қатысы болған. Жедел іздестіру кезінде саудагердің көлігінен қалтаға оралған 3 келі өсімдік тектес ұнтақ табылған. Медико-химиялық талдаудың нәтижесінде оның наша екені анықталды.
«Жедел іздестіру кезінде Өскеменнің тұрғыны ұсталып, одан есірткі заты анықталды. Тексеру нәтижесінде күдікті Алматы тұрғыны екені анықталды. Ол есірткі тасымалдаумен айналысқан»,- деді ШҚО ІІД полиция майоры, Руслан КӨШКІНШИНОВ.
Тұтқындау кезінде күдіктінің жанында жұбайы да болған. Қазір оның іске қатысы бар-жоғы анықталуда. Сондай-ақ, ерлі-зайыптының тұрып жатқан үйіне де тінту жасалып, травматикалық тапанша табылды. Аталған жағдай бойынша қазір сот алды тергеу ісі жүруде.