Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қазақ тілі әліпбиінің латын жазуына көшуін қолдайды. Елбасының кешегі жолдауына жиналған ассамблея мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға да атсалысатындарын айтты. Сондай-ақ, ассамблея мүшелері әрбір қазақстандыққа жолдауды мұқият оқып, ондағы қойылған мақстаттарды жүзеге асырысуға кеңес берді.
«Елмен кездескенде мұғалімдердің сұрауы - біздің еңбекақымыз төмен, жұмыс көп. Біз айттық, осы мәселенің барлығын Үкіметке айтамыз деп сөз бердік. Ал, бүгінгі Елбасымыздың жолдауында бұл жайында анық барлығы айтылған. Мұғалімдер жайында, мұғалімдердің абыройын көтеру жайында, кадр мәселесі жайында анық Президентіміздің жолдауында айтылды»,-деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Шаймардан НҰРҰМОВ.