Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ валюта болмайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бұл сұрақ мүлде талқыланбайды. Сондай-ақ, одақ жанынан құрылған комиссия бұл мәселені күн тәртібіне қоймаған да. Тараптар қазір ақша-несие саясатын, қаржылық мәселелерді шешуді мақсат еткен. Алыс-беріс бір одақ аясында жүзеге асқанымен, валюта біріңғай болмайды. Есте болса, ортақ валюта жасау туралы бастаманы алғаш рет Еуразиялық даму банкі көтерген еді. Олар біріңғай ақша әзірлеу арқылы сауда-саттықты жеңілдетуге болатынын айтқан.