Еуразиялық заң академиясында «татуластыру» кабинеті ашылды

25.04.2018 16:59

Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясында Наурыз тойланды. Шараға оқу ордасының оқытушылары мен студенттері бір кісідей атсалысып, ұлтымыздың ұлық дәстүрлерін дәріптеді. Үлкендер жағы ақ тілеу айтып, батасын берсе, жастар балаға есім қою, тұсаукесер сынды әдет-ғұрыптарымыздан қойылым қойды.

«Наурыз мерекесі ерекше мереке. Сол мерекені тойлап жатырмыз. Қазақ жерінде тұрып жатқан, барша тұрып жатқан бүкіл халқымды осы мерекемен құттықтайтын», - деді Перизат ОМАРБАЕВА.

Сондай-ақ заң академиясы қалалық сотпен бірлесіп, оқу ордасынан сотқа дейінгі «Татуластыру» кабинетін ашты. Мұнда судьялар, заңгерлер, қорғаушылар мен оқытушылар алматылықтарға әкімшілік, қылмыстық және азаматтық істер бойынша тегін кеңес береді. Бұл кабинетте академия студенттеріне дуалды білім беру бойынша сабақтар өткізіледі.

«Соттар да мында кезекте болады. Біздің мұғалімдермен біріге отырып сотқа жеткізбей, көп мәселені татуластыру арқылы шешу. Кез келген азамат ұсақ-түйек жұмыстары болса, ағаларымыз, үлкен кісілер келіп заңнан кеңес аламын десе есігіміз ашық», - деді Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры  Өмірәлі ЖАЛАИРИ.