Еуроодақ атқарушы билігінің басшысы Жан-Клод Юнкер Еуроодақты реформалау нұсқаларын жария етті. Еуропалық парламентте ол 5 түрлі сценарийді көпшілік назарына ұсынды. Бағдарламалардың әрқайсысы 2025 жылға дейін қарастырылған. Онда Еуроодақ рөлінің төмендеуінен бастап, мемлекеттердің бірігуіне дейін біріңғай нарық басқаруына өту сияқты ұсыныстар қамтылған. Юнкер Еуроодақ рөлін төмендету сценарийіне қарсы болды. Оның айтуынша, реформалардың басты мақсаты Еуроодақ бірлігін күшейтуге бағытталуы тиіс.
«Еуропалық одақтың рөлін төмендеткісі келетін үкіметтер бар. Сәйкесінше, біріңғай нарықты ғана басқаруды қолдайтындар да бар. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Еуроодақ мүшелері бір ғана қарқынмен жұмыс істеу керек пе? 27 мемлекет мүшелерімен келісімге келе алмай отырсақ, алға ұмтылғысы келетіндерге мүмкіндік жасап, қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Соңғы нүктені Еуропарламент, ұлттық парламенттер мен азаматтық қоғам қояды. Комиссия тек қана ойын білдіреді», - деді Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод ЮНКЕР.
Одаққа мүше мемлекеттерге түрлі салада жалпыға бірдей ереже бекітуге Комиссияның қауһары жетпейді деген еуропалық заң шығарушылар тарапынан түскен айыптауларды Юнкер жоққа шығарды. Римде өтетін Саммит кезінде барлық сценарийлер Еуроодаққа мүше мемлекеттердің басшыларына тапсырылады.