Еуропа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінде сауда жасау жоғарылай түсті

12.07.2017 19:32

Еуропа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымына мүше елдерінде сауда жасау жоғарылай түсті. Экспорт пен импорт көлемі 30 пайызға өскен. Бұл қаржылай көрсеткіште - 16 миллиардқа жуық долларды құрайды. Қазақстанның ұйымға мүше елдерімен сауда айналымын ұлғайтуға құбылмалы теңге валютасы сеп болған. Көршілес елдерге еліміз шикізат пен минералды өнімдер, металл мен азық-түлік тауарларын жеткізеді. Ал керісінше, елімізге шетелден автокөліктер мен құрылғылар, химиялық өнім тасымалданады.

«Бүкіл елде құбылмалы валюта бағамы саясатын қолдануда. Айтпаса да түсінікті шығар, Армения мен Белоруссия сияқты елдердің экономикасы өте кіші, валюта нарығы тұрақты емес. Яғни, сатушылар да, сатып алушылар да аз»,- деді Еуразия даму банкінің интеграциялық зерттеу орталығының директоры, Михаил ДЕМИДЕНКО.