Еуропада құс тұмауы өршіп тұр

Еуропада құс тұмауы өршіп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тап қазір Еуропада құс тұмауы өршіп тұр. Дүниежүзілік жануарлар дүниесін қорғау ұйымының мәліметінше, қауіпті дерт Азиядан тараған. Аталған вирус Германия, Австрия, Венгрия, Полша және  Франция елдерінде тіркеліпті. Бұған дейін Франция билігі қауіпті дерттен құтылу үшін мыңдаған үйрек пен қазды өртейтіндерін мәлімдеген еді. Алайда бұл елдегі фермерлер мен өндіріс орындарын тақырға тіремек.

«Меніңше, қазіргі жағдай тек уақытша құбылыс. Оны қалыпқа келтіру үшін бақылауды күшейту керек. Алайда, Азиядан құс тұмауын жұқтырған қанаттылар біздің аймаққа жиі ұшып келеді. Оларды қадағалау әсте мүмкін емес», - деді Дүниежүзілік жануарлар дүниесін қорғау ұйымының директоры Моник ЭЛУА.

Қауіпті вирустың тарауы кесірінен, Оңтүстік Корей мен Жапон елдерін де де миллиндаған құстың көзі жойылған. Ал, Қытайды H7 N9 вирусы буып тастаған. Аталған дерт - адамдарға жұғады. Қазірдің өзінде бұл ауруға 100 адамның шалдыққаны мәлім болды. Ал, өткен айда осы дерттен 20 адам көз жұмған екен.            


Новости партнеров