«Эйр Астана» әуе компаниясы апатты жағдайда қонған ұшақтарына қатысты түсінік берді

«Эйр Астана» әуе компаниясы апатты жағдайда қонған ұшақтарына қатысты түсінік берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әуеде орын алған олқылықтар кездейсоқ. «Эйр Астана» әуе компаниясының басшылығы бірінен соң бірі апатты жағдайда қонған ұшақтарына қатысты оқиғаны кездейсоқтық деп қортындылады. Әуе компаниясының аға менеджері  Сергей Макаренконың айтуынша, оқиғаға ұшқыштар кінәлі емес, авиациялық техника істен шыққан. Аталған әуе компаниясында қазір 31 лайнер бар. Тілшілердің «неге әуекомпания оқыс оқиғалардың себептерін жасырады» деген сауалына Макаренко: «Эйр Астана» әрбір оқиғаны тіркеп, БАҚ-қа жариялай алмайды деді.  Естеріңізде болса,  5 наурызда әуекомпанияның Алматы-Орал бағытына ұшып шыққан ұшағы апат белгісін беріп, экипаж шұғыл түрде Ақтөбе қаласына қонған еді. Арада екі күннен  кейін Астана-Алматы бағытында қатынайтын КС877 әуе рейсі двигательдердің бірінің істен шығуына байланысты Алматыға кері оралған болатын. Ал 8 наурызда Алматы-Атырау әуерейсінің бортындағы жабдықта тағы ақау пайда болған еді. Қазір аталған оқиғаларға қатысты тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

«Үш жағдай да авиациялық техниканың істен шығуынан орын алған. Бүгінгі таңда аталып отырған мәселелерге қатысты техникалық қызметшілерден де, ұшу құрамының тарапынан да ешқандай кінарат табылмады.  Кез келген әуеде ұшу жолдары Алматыда көлігіңмен жүргеннен анағұрлым қауіпсіз. Мен Эйр Астананың ұшақтарымен ұшудың қауіпсіздігін 99 бүтін жүзден  99 пайызға бағалаймын», - деді «Эйр Астана» АҚ аға менеджері Сергей МАКАРЕНКО.


Новости партнеров