|
23.08.2017 | 06:15
3165

Елімізде ең үздік әлеуметтік қызметкер анықталмақ

Елімізде ең үздік әлеуметтік қызметкер анықталмақ

Елімізде ең үздік әлеуметтік қызметкер анықталады. Қыркүйектің 20-сы күні Астанада алғаш рет аталған сала мамандары арасында форум өтпек. Олардың арасындағы байқау 2 тур 8 номинация бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік қызметкердің бір күндік жұмысы қалай өтеді?

Туа бітті мүгедек болып қалған Альбина еркін  сөйлей алмаса да, Алла оның аузына «біссіміләсін» салыпты. Күнделікті көп айтатын сөзі де осы екен. 13 жасар қыздың қос жанары да мүлдем көрмейді. Дәрігерлер  «церебральды паралич» деген диагноз қойған. Жарым жан жанға жәрдем беру үшін арнайы әлеуметтік қызметкерлер Ақмарал Тілепова аптасына 3-4 рет келіп көмектеседі екен.

«Бұл жұмысқа келгеніме 7 жылдың жүз болды. Менің қарамағымда алты балам бар. Мұндай ерекше балаларды бұрыннан бері білем, өйткені өзімің балам да осы ДЦП диагнозымен ауырады. Сондықтан маған балалармен жұмыс істеу өте қиын болған жоқ», - деді әлеуметтік қызметкер Ақмарал ТІЛЕПОВА.

Жығылғанға жұдырық болғандай бұл отбасының қайғысы еселене түсті. Альбинаға күндіз-түні қарап, жылына үш рет ауруханаға жатқызып қажетті  емін алуға көмектесетін анасы да аяқ астынан мүгедек боп қалады. Алты жыл бұрын екі бүйрегі істен шыққан келіншекке қазір әлеуметтік қызметкермен қоса жолдасы да қарайды.

«Ақмарал қарындасыма денсаулық, жұмысын істей берсін. Осылардың бәрі бізге көп керек адамдар. Көмек керек кезде ол ешқашан жоқ демейді. Үлгермей қалсам, құжаттармен өзі барады.  Дұрыстап өзі барып келеді», - деді Альбина Тұрдыбақиеваның әкесі Әлімжан ТҰРДЫБАҚИЕВ.

Айта кетерлігі, бір ғана Алматыда мүмкіндінгі шектеулі жандарға жәрдемдесетін 1 мың 600 қызметкер бар. Енді биыл олардың ішіндегі ең үздігі анықталмақ. Елордада 20 қыркүйек күні алғаш рет өтетін форумға оңтүстік астанадан іріктелінген 20 жұмысшы қатысады.

«Біздің ардагерлер үйінде 295 адам тұрып жатыр. №1 интернатта 680 адам тұрып жатыр. №2 интератта жетім балалар мен ауру балалардың ішінде 146 адам тұрып жатыр. Жоғары оқуды бітірген адам маған әлеуметітк қызметкер болып келмейді. Ол мына басқармаға келеді. Соныдықтан әлеуметтік қызметкерді училище, лицейде оқыту керек. Сонда ғана ол жұмыс істей алады», - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл АХМЕТОВА.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі  балаларға балабақша ретінде ашылған жалғыз орталық бар. Онда 42 бүлдіршін тәлім-тәрбиемен мен қоса түрлі медициалық жәрдем алады. Ендігі кезекте әлеуметтік қызметкер қатынап жүрген   734 үйдегі балақайларды күніне 8 сағатқа осындай жерге әкелу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек Алматыда жападан жалғыз өзі 2 мың 600 адам тұрады. Олардың  өзге әлеуметтік нысандарды паналамайтындығы да сол, "қарттар үйі" деген тіркестен шошитындықтары болса керек.

Әйкерім Ердәулетқызы, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир