Алматыдағы тиіннің сыңары Францияда табылды. Қазақстандық скрипкашы Марат Бисенғалиев Франция қалаларының бірінде тиіннің үлкен мүсінін суретке түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Музыканттың айтуынша, мүсін Бордо мен Нант қалаларының ортасындағы Пюи-дю-Фу ойын-сауық саябағында орналасқан.
«Бұл қарапайым ағаштан жасалған жұмыс. Ондайды қалада, балабақша мен басқа да адам көп жүретін жерлерде жиі кездестіруге болады, осылайша, жергілікті билік дилетанттарға ойын еркін білдіруге мүмкіндік беретін сияқты. Еуропада тиіннің бейнесін алғаш көрдім, сондықтан телефоныма түсіріп алдым. Жұмысты «ғажайып» деп айта алмаймын, бірақ кесілген ағаш пайдаға жараған. Атакенттегі тиіннің идеясы өзгеше, талғамсыз болса да, халықтың реакциясына қарап, өзін ақтады десе болады», – дейді Бисенғалиев.
Мүсіндегі тақтайшада былай деп жазылған:
Еске сала кетейік, алып тиін шілденің басында Алматыдағы «Атакент» ҚІЫО-да пайда болған. Ерекше арт мүсін 23 миллион теңгеге жасалғаны анықталған. Жоба авторы – Алекс Ринслер.
Сурет / ©Марат Бисенгалиев