"Қайрат" футбол клубы Қазақстан Кубогын жеңіп алды

19.10.2017 04:04

«Қайрат» футбол клубы сегізінші рет Қазақстан кубогының иесі атанды. «Атырау» клубын 1:0 есебімен жеңіп,  Ақтөбеден жүлделі оралды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек  клуб ойыншыларымен, жаттықтырушылар штабымен кездесіп, футболшыларды кезекті жүлдесімен құттықтады. «Қайрат» футбол клубы 1954 жылы құрылған. Футбол клубының қоржынында Қазақстанның 8 Кубогі, 2 Суперкубок және 2 чемпиондық титул бар. Ал "Қайраттың" академиясында қазір еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан 600 жас футболшы тәрбиеленуде. Алматылық клубтың бес бірдей жаттығу алаңы бар.

«Футбол – барынша танымал ойындардың бірі. Ал «Қайрат» - ауладан шыққан еліміздің әйгілі клубтарының бірі. Жеңіс қашанда жанкүйелердің рухын көтереді, ал ұлдарды жастайынан спортпен айналысуға жетелейді», -деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

«Қайрат» - ел үшін үлкен тарих. Әр жеңіс баланың спортқа деген ынтасын арттырады. Сондықтан жаңа жеңістерге жету үшін біз барлық күш- жігерімізді жұмсаймыз», - деді «Қайрат» футбол клубының мүшесі Андрей АРШАВИН. 

Қала басшысы Алматыда бұқаралық спортты дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Өткен жылдан бері «Спорттық Алматы» бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында былтыр 280 алаң бой көтерді. Биыл 450 алаң салынып жатыр. Соның ішінде минифутбол алаңдары да бар. Сондай-ақ, қалада "Біздің ауладағы спорт"  атты бағдарлама да жүзеге асырылуда.