ҚР Бас прокуроры қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын сыңға алды

ҚР Бас прокуроры қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын сыңға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Біз әлі күнге дейін қылмыскерді «дубинкамен» қуып жүрміз. Бас прокурор  қасқөй баскесерлерді ұстаудағы әдістерімізге қарны ашады екен. 2016 жылды қорытындылаған прокурорлардың жиынында осы мәселе талқыға түсті. Жақып Асанов қылмыскерлерді көшеден емес, компьютердің алдынан іздеу керектігін айтты. Осы ретте айта кетейік, тәртіпке бағынбаған әккі ұрыларды қару алып төске шабатын қарақшыларды ұстауға сеп болатын жаңа технологиялар енгізеледі.  

Қағазбастылық, сөз бұйдаға салып процесті созу, кәсібиліктің төмендігі. Осы аталғандар прокуратура имиджіне кері әсер етеді. Жақып Асанов өз орынбасарларына қатулы қабақпен еш пайдасы жоқ қызметкерлер тізімін жасауды тапсырып, қажет болса жұмыстан шығаратын айтты. Яғни кежегесі керіп, мундир таққандармен күрес осылайша болмақ.  

«Таңнан кеш батқанға дейін тынымсыз жұмыс істейтін адамның кейпіне кіріп, алдаусырату қажет емес. Егер сіз маған ертең елге еш пайдасы жоқ прокуратура қызметкерлерінің тізімін алып келіп, қатарын азайту туралы ұсыныс жасасаңыз, сізді марапаттауға өзім ықпал етемін», - деді ҚР Бас прокуроры Жақып АСАНОВ.

Салғырттықты дәлелдейтін бір ғана мысал. 30 мың теңге тұратын телефон ұрланып, ұры ұсталған делік. Істі полиция 2 ай тергеп,  сосын прокурор 10-тәулік қарайды. Кейінірек сот кем дегенде 1 ай ішінде үкім шығарады. Шынында шен тағып, шекпен кигендердің шешім шығаруына 3 ай керек екен. Бұл аралықта алтын уақыт пен салық төлеушілердің қыруар қаржысы рәсуә болады. Әрі, айыпталушының өз ізін жасырып, ісін шешіп тастауға таптырмайтын мүмкіндік-деді, бас прокурор.

«Мына азаматтардың билікке деген, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыратынына біз сенімдіміз. Жұмысты тиісді қылып, қаражат болсын, адамдық ресурсына жақсы бір ықпал алып келеді», - деді  ҚР Бас прокурорының орынбасары  Марат АХМЕТЖАНОВ.  

9 мың үлескерді үйлі қылам деп тақырға отырғызған алаяқтармен күрес әсте тоқтамақ емес. Үлескерлер туралы заң қабылданды. Соның арқасында тұралап тұрған 9 тұрғын үй салынса, 13 кешеннің құрылысына жан біткен. Прокурорлар шетелдік әріптестерімен бірлесе шекара асқан 56 млн долларды елге қайтарған. Сонымен қатар, Бас прокуратура кейбір заңнамаларды қайта қарастыруды көздеп отыр.

Айжан Шамшидин, Бауыржан Қажақанов, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Новости партнеров