Елімізде қылмыстық істер 10 пайызға кеміген – Бас прокурор

Елімізде қылмыстық істер 10 пайызға кеміген – Бас прокурор
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Темір торға тоғытылғандар қатары кеміген. Нақтырақ айтсақ, елімізде сотталғандар саны 30 пайызға азайыпты. Биыл сот 12 мың адамға  үкім шығарса, соның 4 мыңы бас бостандығынан айырылған.

Бұл туралы бүгін президентке берген есебінде ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров айтты.

Кездесу барысында Елбасы қылмыстық заңнаманы ізгілендіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне ден қойды.

«Заңның әділетті болуы үшін бірнеше шаралар қабылдадық. Сот жүйесін түзедік. Полиция туралы заң қабылдадық. Енді солардың барлығының нақты орындалуы Бас прокурордың құзырында», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесті реформалау бойынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Қайрат Қожамжаровтың айтуынша,   өткен жылғымен салыстырғанда, биылғы қылмыстық істер 10 пайызға азайған. Оған қоса, еліміздің 7 өңірінде электр қуаты үшін төленген тарифтердің деңгейін түсіріп, артық төленген қаражаттың қарапайым халыққа қайта қайтарылуын қадағалауды ұстайтындықтарын жеткізді.    

«Электр тарифтерінің деңгейін түсіріп, 1,5 миллион адамға  асыра төленген ақшаларын қайтару жөніндегі шараларды қолға алып жатырмыз. Себебі, араларына өте көп фирмаларды қосып қойған. Олардың ішінде лауазымды адамдардың, монополистердің фирмалары бар. Барлығын анықтап, шығарып жатырмыз. Олар бойынша құқықтық баға беріп жатырмыз», – деді Қайрат ҚОЖАМЖАРОВ.



Новости партнеров