Алматыда екпе алмаған 30 бала сарыаурудың А түріне шалдыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде болған баспасөз брифингі барысында белгілі болды.
«Алматыда екпеден бас тартатын ата-аналар өте көп. Екпе алмаған балалардың арасында ауыратындар жиі кездеседі. Мәселен, биыл алғашқы жартыжылдықта вирусты гепатитті 30 бала жұқтырған. Олардың барлығы екпе алмағандар», – деді қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау Департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.
Жалпы алғанда 2-ге толмаған баласы бар ата-аналардың арасында екпеден бас тарту жиілеп келеді.
Маманның айтуынша, қалада 55 көкжөтел ауруы тіркелген. Ауырғандардың 82%-ы екпеден бас тартқандар.